Қазақстандық мамандар SINOTRUK Global “Elite Team” Championship 2026 әлемдік финалында алтын және күміс жүлдеге ие болды
2026 жылдың қыркүйек айында Қытайдың Цзинань қаласында 2026 SINOTRUK The 2nd Global “Elite Team” Championship — SINOTRUK халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының әлемдік финалы өтті.
Финалда ұлттық және өңірлік іріктеу кезеңдерінен өткен үздік мамандар бақ сынады. Қатысушылар SINOTRUK техникасының механикасы, диагностикасы және электр жүйелері бойынша кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Қазақстан қоржынында екі жүлделі орын
Қазақстан атынан қатысқан мамандар әлемдік финалда жоғары нәтижелер көрсетті:
🥇 Николай Горбунов — автомеханика секциясында 1-орын.
🥈 Александр Сиволапов — автоэлектрика секциясында 2-орын.
Александр Сиволапов пен Николай Горбунов бұған дейін Алматы қаласында өткен өңірлік жартылай финалда жоғары нәтиже көрсетіп, Қытайдың Цзинань қаласында өткен әлемдік финалға қатысу құқығына ие болған.
Қазақстандық мамандардың халықаралық деңгейдегі жетістігі Қазақстандағы SINOTRUK ресми сервистік желісінің техникалық мамандарын даярлау деңгейінің жоғары екенін көрсетті.
Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды
Әлемдік финалдың қорытындысы бойынша қазақстандық мамандарға жетістіктері үшін естелік сыйлықтар табысталды.
Николай Горбуновқа — MacBook Pro, ал Александр Сиволаповқа — MacBook Air табысталды.
Бұл сыйлықтар SINOTRUK халықаралық чемпионатында көрсеткен жоғары кәсіби шеберлігі мен қол жеткізген нәтижелерінің құрметіне берілді.
Қазақстандағы SINOTRUK Академиясы халықаралық деңгейде мойындалды
Чемпионат аясындағы тағы бір маңызды оқиға — Қазақстандағы SINOTRUK Академиясының халықаралық деңгейде мойындалуы болды.
SINOTRUK орталық кеңсесі Академиясының жетекшісі Ли мырза Қазақстандағы SINOTRUK Академиясын жаһандық нарықтағы үздік SINOTRUK академияларының бірі ретінде атап өтіп, құрмет грамотасымен марапаттады.
Бұл марапат техникалық мамандарды жүйелі даярлау, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және SINOTRUK халықаралық стандарттарын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Қазақстандағы SINOTRUK Академиясы Алматы қаласында CBC-TRANS базасында жұмыс істейді. Академияда сервистік желінің автомеханиктерін, автоэлектриктерін және басқа да техникалық мамандарын даярлауға арналған мамандандырылған оқу базасы құрылған.
Оқу барысында HOWO және SITRAK жүк көліктері, қозғалтқыштар, беріліс қораптары, жетекші көпірлер, арнайы құралдар және электрондық жүйелерді диагностикалауға арналған оқу жабдықтары пайдаланылады.
Қазақстандағы SINOTRUK сервистік жүйесін дамытудың нәтижесі
Әлемдік деңгейдегі бірден үш жетістік — Николай Горбуновтың 1-орны, Александр Сиволаповтың 2-орны және Қазақстандағы SINOTRUK Академиясының халықаралық деңгейде мойындалуы — еліміздегі техникалық оқыту мен сервистік қызмет көрсету жүйесін жүйелі дамытудың маңызды нәтижесі болды.
Бүгінде Академия Қазақстандағы мамандарды даярлаумен қатар, SINOTRUK халықаралық командасымен тәжірибе алмасу және озық сервистік тәжірибелерді енгізу алаңы ретінде де дамып келеді.
Николай Горбуновты, Александр Сиволаповты және Қазақстандағы SINOTRUK Академиясының бүкіл командасын халықаралық деңгейдегі жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!